Негізгі бет

 

Сурет  өнері  Қазақстан аумағындағы ежелгі өнердің бірі болып  саналады.Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде оның алғашқы элементтері былғарыдан, сүйектен,ағаштан ,тастан,металдан және матадан жасалған бұйымдарды нақыштаудан көрінді. Қазақтың тұңғыш кәсіпқой  суретшілерінің бірі –ұлы ағартушы ғалым Ш.Уәлиханов. Қазақстандағы сурет өнерінің дамуына суретші Н.Г. Хлудов шығармаларының ықпалы зор болды.Ол ұйымдастырған көркемсурет студиясынан алғашқы кәсіби қазақ суретшісі Ә.Қастеев бастауыш білім алды.  Кітапханашылар Жаменкенова Г,Сабырбаева  Г.  « Әйгілі қылқалам шеберлері»   атты тақырыптық  кеш   өткізді.Кешке № 1орта мектебінің алтыншы сынып оқушылары  және сурет пәнінің мұғалімі  Есенбаев Есман қатысты. Кеште Қазақстанның  әйгілі  қылқалам шеберлері туралы айтылды. Қазақ  совет кескіндемеші,график-суретші,қазақ совет бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі  -Ә. Қастеевтің туғанына биыл 110-жыл   толады.Оқырмандарды  суретшілер   Ә. Қастеев, Қ.Телжанов,А.Ғалымбаевалардың өмірі және шығармашылығымен танысырып әр суретшінің  туындыларына сипаттама   берілді.Кеш  барысында тақырыпқа байланысты слайд  арқылы суретшілердің шығармалары көрсетілді.Мәдени шараға  пайдаланған материалдар аудандық кітапхана қорынан және Облыстық  Пушкин атындағы кітапханадан электрондық пошта арқылы алынды. Осы  тақырып бойынша материалдарды №5 орта мектеп мұғалімі Г.Байбулова  аудандық семинар өткізуге  пайдаланды.

 
 Ғасырлар тоғысындағы «Ғасыр ақыны» Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық кітапханада кеш өтті.Кешке №4 Н.Островский атындағы мектептің  9-10 қазақ сыныптары және зағип оқырмандар шақырылды.Кеште М.Мақатаевтың шығармалары, слайд  көрсетіліп,ақынның өз дауысымен айтылған өлеңі видио материал арқылы көрсетілді. Ақынның өмірі, поэзиялар жайлы толық айтылды.Оқушылар «Өмір,Әке,Махаббат диологы» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Солтанғұлов З, Қонысбаев Б. ақынның өлеңдеріне жазылған «Ескі әнді шеше қозғама», «Есіне мені алғайсын», «Қазағымай» әндерін шырқады. «Мен сірә өлмейтұғын шығармын, сәл мызғып қана көз ілдіріп тұрармын» атты тақырыпты сөремен таныстырылып, шолу өтті. Кешке қатысқан сынып жетекшісі Қумарғалиева З,оқырман Терлікбаева  Қ. кітапханашыларға алғыс айтып,оқушылар үшін бұл шараның тәрбиелік мәні зор деді.

Жаңартылды (26.02.2014 18:22)

 

15 февраля 1989 года начался вывод советских войск с территории Афганистана. Операцией руководил последний командующий ограниченным контингентом- генерал- лейтенант Борис Громов. Советские войска находились на территории данной страны с 25 декабря 1979 года и действовали на стороне правительства Демократической Республике Афганистан.Ровно 25 лет  отделяет нас от того памятного дня, когда последний советский солдат покинул землю Афганистана,где  9 лет 51 день исполняли интернациональный долг простые советские парни.Именно  этот день стал Днем памяти не только для тех, кто воевал в Афганистане, но и для всех войнов интернационалистов, участвовавших в урегулировании  военных конфликтов на территориях ближнего и дальнего зарубежья.

Жаңартылды (27.02.2014 08:55)

... Толығырақ

 
SAM_0462 Пай-пай шіркін,

Неткен жыр,неткен ақын,

Періште боп өмірден өткен ақын.

Қыр самалын ,

Күн нұрын төккен ақын-

деп жырлаған 21 ғасырддың ақыны аталған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған Күршім аудандық кітапханасында «Мұқағали рухымен сырласу» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш жүргізуші кітапхана әдіскері Гульнар Ақанқызы ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып, ақынға арналған «Жырлайды жүрек» тақырыптық сөресімен таныстырып, кітаптарға шолу жасап өткен соң, 9-сынып оқушылары Т.Базылханов, А.Айтқазин, Г.Ерланова, А.Қыдырхановтар ақын жырларына кезек берді . Әдебиет мұғалімі Раушан Құтпаева өз сөзінде:  « ақын поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, ол туралы естеліктер ақын жанымен байланыстырып, оқырмандарды ақын рухымен құдіреттендіре түседі» деп кешті әрлендіре түсті.

... Толығырақ

 
sam_02252012 жылы 23 қарашада Күршім аудандық  мәдениет үйінде Күршімаудандық кітапханасының кітапханашылары «Елбасы кітаптарында ел тағдыры» атты әдеби фестиваль өткізді. Әдеби фестивальды Күршім аудандық әкімінің орынбасары Қалелов М.Ж. ашты.Күршім аудандық кітапханасының меңгерушісі Мұқанова Н.М.  Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуесіздік белестері» атты  кітабына тұсаукесер өткізді. Әдеби фестиваль барысында Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Без правых и левых», «Стратегия  радикального обновления  глобального сообщества и партнерство цивилизаций» , «Қазақстан жолы», «Бейбітшілік кіндігі», «Сердце Евразии» кітаптарына Күршім аудандық кітапханасының кітапханашылары Сабырбаева Г,Тырнақбаева Ж,Орехова Т,Жаменкенева Г,Кенжеханова Р,Раимханова Р,Амренева Г. шолу өткізді.Слайд дайындаған кітапханашы Смаилова Г.Әдеби фестивальды Күршім ауданының әкімі А.С.Сеитов аяқтап, өз сөзінде Қазақстан елінің Тәуелсіздікке қол жеткізіп, алдыңғы қатардағы елдерге танымал болып көптеген жетістіктерге жеткенімізге Елбасы Н.Ә.Назарбевтың еңбегі  орасан зор  екенін атап өтті. 

Жаңартылды (05.12.2012 08:04)

 
Тағы мақалалар...
Баннерлер